қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.05.2018

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

2018 жылдың 16 мамыры күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында «Университет барысы» қазақ күресінен жарыс өтеді.

 

Жарысқа қаламыздың 20 жоғары оқу орнынан 120-дан астам 60 кг, 74 кг және 100 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар қатысады. Додаға халықаралық санаттағы төрешілер төрелік етеді.

 

Жарыстың арнайы қонақтары:

Үшкемпіров Жақсылық Әмірәліұлы- Олимпиада чемпионы, КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері».

Мұхитдинов Ерғали - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор, ҚР қазақша күрес федерациясының төрағасы.

Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Алдабергенов Шалқар Айтлеуұлы - «Алматы қазақ күресі» клубының директоры.

 

Өтетін күні: 16.05. 2018 ж.

 

Ашылу салтанаты: сағат 11.00-де

 

Өтетін орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің спорт залы (Қазыбек би, 30)