қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.06.2018

 

Университеттер басшыларына арналған халықаралық семинар «Университеттің әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына трансформациялануы»

 

9 маусым 2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Алматы аймақтық ЖОО ректорлары кеңесі» қауымдастығы жоғары білім беру саласындағы сарапшы, әлемге әйгілі «Әлемдік деңгейдегі университеттер құру» (2009), «Жоғары білім және тұрақты даму мақсаттары» (2017) кітаптарының авторы Джамиль Салмидің қатысуымен ЖОО басшыларына арналған «Университеттің әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына трансформациялануы» халықаралық семинар өткізеді.

 

Семинарда спикермен әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарын құру әрекеттері қарастырылып, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының рейтингісі, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарын құруға бағытталған стратегиялар мен тәсілдер анықталады.

 

Семинарға Алматы аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мүшелері және басқа да жоғары оқу орындарының ректорлары шақырылды.

 

Семинар өткізу уақыты мен орны: 9 маусым 2018 ж, сағ: 15:00

2-ші қабат, 225 - конференц-зал (Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы, 13).