қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Ибраева Магрипа Курманбековна

Ибраева Магрипа Курманбековна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Магрипа Курманбековна Ибраева 28 қаңтар 1969 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам селосында дүниеге келген.

1976 жылы Байқадам орта мектебіне барып, 1986 жылы аталған мектепті аяқтады.

1986 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп,  1992 жылы осы институттың география және биология мамандығын бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Алау бала бақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған.

2002 жылы  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «540305-Педагогика» бағыты, «Жоғары мектеп педагогикасы» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2004 жылы «Қазіргі қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің ғылыми педагогикалық негіздері» атты тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғап, педагогика магистрі атағын алған.

2004-2011жж. аралығында Қайнар университетінде педагогика және психология кафедрасында педагогика ғылымының магистрі, аға оқытушы болып қызметін атқарған.

2012-2014 жж.  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене мәдениеті және спорт» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ «6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсіп, 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңесте «Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығарамышылығы құралдарымен дамыту» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, 6 наурыз  2018 жылы философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді.

2017-2020 оқу жылдарында Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институтының Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында Философия докторы (PhD), аға оқытушы болып ұстаздық қызметін атқарды.

2020 оқу жылынан бастап Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институтыныңПедагогика кафедрасында Философия докторы (PhD), аға оқытушы болып ұстаздық қызметін атқаруда.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Біртірген мерзімі

Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Орта мектептің география және биология мұғалімі

10.06.1992

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«540305-Педагогика» бағыты, «Жоғары мектеп педагогикасы» мамандығы бойынша педагогика магистрі

30.06.2004

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

«6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

06.03.2018

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күн

География және биология мамандығы маманы

Педагогика, Орта білім беру

10.06.1992

«540305-Педагогика» бағыты, «Жоғары мектеп педагогикасы» мамандығы бойынша педагогика магистрі

Педагогика, Орта білім беру

30.06.2004

«6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Педагогика, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

06.03.2018

 

ҒЫЛЫМИ АТАҚ

Ғылыми атақ атауы

Берілу күні

«6D010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

06.03.2018

 

ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейлері бойынша тізбе)

1. Ұлттық тәрбие

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды)

Зерттеу тақырыбы: «Ерте жастағы  балалардың танымдық белсенділігін қазақ  халық

шығармашылығы құралдарымен дамыту».

 

Жарияланымдар:

1. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігіндамытудың теориялық негіздері. «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS2019:CENTRALASIA» атты ІV Халықаралық ғылыми-тҽжірибелік конференция материалдары. - АСТАНА. - 2019. - Б. 211-214.

2. Баланы ерте жастан дамытуда М. Монтессори әдістерін қолданудың тиімділігі. /«КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» атты халықаралық  ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы.  - 2019. - Б. 93-96.

3. Дәстүрден тыстехнологияларды  қолдануда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытудың кейбір ерекшеліктері. // Абай атындағы ҚазҰПУніңХАБАРШЫСЫ. Психология сериясы. - Алматы, - 2019. - №2 (59). - Б.92-95.

4. Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамытудың психологиялық-педагогикалық астарлары. // Абай атындағы ҚазҰПУніңХАБАРШЫСЫ. Психология сериясы. - Алматы, - 2019. - №4 (61). - Б. 119-129.

5. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың ерекшеліктері. // Абай атындағы ҚазҰПУніңХАБАРШЫСЫ. Психология сериясы. - Алматы, - 2019. - №2 (59). - Б.38-43.

 

МАРАПАТТАР

1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Спорт - денсаулық кепілі» спартакиадасына қатысып, жоғары белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз. Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 30.03.2019 ж.

2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлер, студент жастар командалары арасында ұйымдастырылған «WEL NESS-19 Спорт - достық кепілі» » спартакиадасына белсене қатысқаны үшін марапатталады.Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 04.05.2019 ж.

3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіміздің «Ғылыми декадасы-2019» он күндігі аясында Педагогика және психология институтының PhD, аға оқытушысы ғылыми іс-шараларын ұйымдастыруға атсалысып, өзіндік үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз. Алматы, 2019 ж.

4. «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқуларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін берілді. Алматы қаласының білім басқармасы, Алматы, 2019 ж.

5. «Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» Рухани жаңғыру декада аясында жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесін риясыз сүйіспеншілікпен ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 2019

6. Абай атындағы ҚазҰПУне қарасты «Мансап» орталығы ұйымдастырған жобаларға белсене қатысып, бітіруші түлектерге педагогикалық бағыт-бағдар беріп, мансаптық дағды қалыптастыру жолындағы сатыларды айқындауға үлес қосқаны үшін берілді. Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, 2019

 


← Вернуться назад