![]()
01.04.2021
Студенттер арасындағы фотобайқаудың нәтижесі жарияланды
Бұл орайда университеттік «Рухани жаңғыру» орталығы қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында Наурызды отбасында қарсы алуға шақыратын - #NAURYZUYIMDE студенттік фотобайқауын жариялады. Байқаудың мақсаты - Наурыз мерекесін үйде, отбасымен қарсы алу ерекшелігін көрсету болды.
Фотобайқау барысында студенттер пандемиялық жағдайда Наурызды үйінде қалай қарсы алғандарын көрсететін - «Дәстүр», «Ұлттық нақыш», «Наурыз көже», «Өнеге», «Туған жер» номинациялары бойынша ең үздік фотоларын жолдады.
Нәтижесінде, «Дәстүр» номинациясы бойынша ФКИИ 1-курс студенті Марал Сағат үздік атанды.
«Ұлттық нақыш» номинациясын ФКИИ-дың 1-курс студенті Ырысты Айтқожа, ал «Наурыз көже» номинациясын СҚИ-дың 3-курс студенті Ақшолпан Қонысбаева иеленді.
«Өнеге» номинациясында ФМИИ 2-курс студенті Алтынай Ізтай үздік атанса, «Туған жер» номинациясын МФИИ 1-курс студенті Салтанат Айтбекова иеленді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификатпен марапатталды.
01.04.2021 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz ![]() Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz rector@kaznpu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8(727)221-85-14
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|