қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
16.07.2021

Вакцина алған студенттер сыйлыққа ие болды

 



Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың студенттердің денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес және бас мемлекеттік санитар дәрігердің биыл 1 шілдедегі №31 қаулысы негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биыл 1 шілде мен 25 тамызы аралығында COVID-19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған студенттер арасында ұтыс ойнатылады.

 

Атап айтқанда, келесідей жүлделер беріледі:
- 100 адамға 1 жылдық оқу ақысына 5% жеңілдік;

- 50 адамға 20 000 теңге ақшалай сыйлық;

- 50 адамға Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орнына жолдама;
- 60 адамға I teach in English дайындық курсына тегін сертификат;

- 20 адамға Meloman дүкенінен кітап сатып алу үшін 10 000 теңге ақшалай сыйақы;

- 100 адамға Abai University имидждік өнімдерін сыйға тарту.

 

Бүгін 1-15 шілде аралығында вакцина алғандар арасында жеңімпаздар анықталды.

 

Ұтыс ойынының тиімді және әділ жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ойын ережесі бекітіліп, арнайы комиссия құрылды.

 

Жеңімпаздарды анықтау университет ректоры Дархан Нұрланұлының төрағалығымен құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті.

 

Ұтыс ойыны тікелей эфирде ZOOM бағдарламасы бойынша жүргізілді. Шараны университет ректоры Дархан Билялов ашып, қазіргі күні халықтың денсаулығын сақтап қалудың ең маңызды және тиімді жолы ол вакцина ектіру деп атап өтті. Сонымен қатар вакцина ектіріп, ұтысқа қатысуға мүмкіндік алған барлық студенттерге сәттілік тіледі.

 

Жеңімпаздарды анықтау https: randomus.ru/list кездейсоқ сандар генераторы әдісі арқылы жүргізіліп, нәтижесінде 50 студент Қапшағайдағы демалыс орнына жолдама, 60 студент ағылшын курсына тегін сертификат және 100 студент бір жылдық оқу ақысына 5% жеңілдікке ие болды.

 

Жеңімпаздар туралы толық ақпарат алдағы уақытта университеттің ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

 

Университет білім алушылары арасында вакцина ектіруді тиімді ұйымдастыру және оларды вакцина алуға ынталандыру мақсатындағы игі шара жалғасын табады.

 

16.07.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz