қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
12.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ: Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының докторанты Литвада оқиды

 


«6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының екінші оқу жылының докторанты Мадина Молдағали Литва мемлекеттік стипендиясын (Lithuanian State Scholarship) жеңіп алып, қысқы семестр бойы Вильнюсте (Литва) Миколас Ромерус университетінде (Mykolas Romeris University) оқуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің баспасөз қызметі.

 

Бағдарлама оған зерттеу көкжиегін кеңейтуге, шетелдік мамандардың дәрістеріне қатысуға, Литва университеттерінің ғылыми мәліметтер базасына қол жеткізуге және, әрине, әртүрлі елдер мен мамандықтардың студенттерімен танысуға мүмкіндік берді. Бағдарлама оқу ақысын жабады және стипендия ұсынады.

 

Сонымен қатар Мадина Молдағали MRU Дебат клубының қатысушысы болып табылады, 2021 жылғы Киев турнирінде (Kiev Open 2021) қазан айында онлайн арқылы ойнап, желтоқсан айында Амстердамда (Нидерланды) офлайн ойынға дайындалуда. Оған сәттілік тілейміз!

 


12.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz