
Главная
Новости
25.11.2021
Оқытушылар жаңа жағдайдағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті
Әр педагогтің жеке жұмыс жоспарындағы 30 сағаттық мектеппен жұмыстың аясында БББ кәсіби даярлау бөлімі оқытушылары Кдырбаева А.А. мен Рябова Е.В. 2021 жылдың 24қарашасында МҚПУ базасында өткен «Өзгеру кезеңіндегі білім берудің жаңа шешімдері» атты конференцияға А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп (Қапшағай қ.) мұғалімдерінің баяндамаларын дайындауға жетекшілік етті. Ли Наталья Николаевна «Оқушыларды олимпиадаға даярлаудың 5 құпиясы» тақырыбында баяндама жасады. Клименко Любовь Викторовна «Кіші мектеп жасындағы оқушының табысты жұмыс жазуының 7 қадамы» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Шереметова Вера Александровна «Жобалау әрекеті арқылы дарындылықты дамыту» атты баяндамасын ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті. Зуева Юлия Валерьевна «Керемет жазамын» атты жас жазушылар клубының ұйымдастырылғаны жайлы айтып өтті. Біздің университетіміздің студенттері қатысып отырды. Келесі жылы іс-шараға олар өз баяндамаларымен шығады деген сенімдеміз.
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|