қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
21.10.2013

 

М.В. Ломоносов атындағы  ММУ  филология факультеті  мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  арасындағы халықаралық ынтымақтастық  туралы жасалынған келісім-шарт негізінде филологиялық факультеттің орыс филологиясы шетелдіктер үшін кафедрасы базасында 2011 жылы Халықаралық сертификаттауға дайындау орталығы ашылды  (TORFL) (Алматы, Қазақстан Республикасы). Орталық шетелдік азаматтарды орыс тілі бойынша тестілеуден өткізуге дайындайды. Орталықта орыс тілін шет тілі ретінде, Ресей мемлекеттік тестілеу жүйесі шеңберінде орыс тілін 5 деңгей бойынша меңгерудің сертификаттық емтихандарын тапсыруға болады:

- қарапайым деңгей (А1)

- базалық деңгей (А2)

- 1 сертификаттық деңгейі (В1)

- 2 сертификаттық деңгейі (В2)

- 3 сертификаттық деңгейі (С1)

            Халықаралық сертификаттауға дайындау Орталығы (TORFL) шетелдік азаматтар үшін тестілеу жүргізудің жалғыз аймақтық  орталығы болып табылады.

Орталық ұсынады:

-          тестілеуден өтуге дайындық бойынша кеңестер беруді;

-                     сертификаттық тестілеуден өтуге дайындық деңгейін анықтау мақсатында сынақтық тестілер жүргізуді;

-                     аудиториялық сабақтардың әрқилы көлемі мен шетелдік азаматтардың әртүрлі дайындық деңгейлері ескеріле отырып шамаланған, тестілеуден өтуге дайындық бойынша қарқынды курстарды.

Төлемақысы жеке-дара келісім жасау шарттары бойынша анықталады.

Тестілеуден өту және оқу мәселелері туралы анықтама телефоны: +7 701351 3449, Казабеева Виталия Алексеевна; e-mail: vitaliya.78@mail.ru