қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
11.01.2022

Абай университетінің ректоры елде тұрақтылық орнату үшін ел Президентін қолдауға шақырды

 


 

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.


Біләлов Қазақстан халқын осы қиын-қыстау кезеңде Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, ел Тәуелсіздігін нығайту жолындағы шешімдерін қолдауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 

«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың батыл әрі уақтылы қабылдаған шешімдері Қазақстанның бейбіт өмірге тезірек оралуына мүмкіндік береді. Ел басына түскен осындай қиын кезеңде Президентіміздің төңірегіне топтасуымыз керек. Бұл қазіргі жағдайды тұрақтандыру, қалыпты өмірге оралу, экономиканы қалпына келтіру, жұмысты жалғастыру және барлық салада жаңа реформаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам. Осындай қиын-қыстау кезеңде біз, барша қазақстандықтар, парасаттылық жолына ілесіп, ешқандай арандатушылыққа бой алдырмай, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдерін толық қолдауымыз қажет. Біздің күш-қуатымыз бірлікте ғана екенін әрқашан есте ұстайық!» - деді ректор Дархан Біләлов.

 

11.01.2022 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz