қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
06.09.2019

Құрметті әріптестер!

 

Бұл екі сауалнама «Білім берудегі менеджмент» МВА жобалау тобының зерттеу шеңберінде жүргізіледі.

 

Зерттеудің мақсаты: университет қызметінің ағымдағы жағдайы мен ерекшелігіне талдау жасау негізінде білімді басқару жүйесінің (ББЖ) моделін әзірлеу және оны жүзеге асыру механизмдерін ұсыну.

 

Болжамды тексеру: зияткерлік капиталды және инновациялық үдерістерді басқарудың тиімді тетігін құру, инновациялық дамуға бағытталған білімді басқару жүйесінің (ББЖ) моделін енгізу университеттің зияткерлік және қаржылық өсіміне және корпоративтік мәдениетін дамытуға ықпал етеді деп болжанады.

 

Сіздің сауалнамаға қатысуыңыз біз үшін маңызды. Сіздерден объективті ақпарат күтеміз және сұрақтарға дербес жауап берулеріңізді сұраймыз.

 

Ынтымақтастық үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!

 

Байланыс телефондары: Ібжарова Шолпан Айдаралықызы - 87053058663, Жүндібаева Тұрархан Нұрмұхановна - 87079040795


1. ББЖ (білімді басқару жүйесі) бойынша сараптама жүргізу.

2. Корпоративтік мәдениетті дамытудағы ББЖ (білімді басқару жүйесі) рөлі туралы сараптама.

 

 

Педагогика және психология кафедрасы