қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
13.04.2023

ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

 


 

Абай университетінде ғылым онкүндігі аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті.

 

Оған ҚазҰАЗУ-дың Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, PhD докторы Ержан Жұмабек арнайы қонақ ретінде қатысты.

 

Жас зерттеушілер кеңесінің постдокторанттары Шахислам Лайсханов пен Нұрбол Үсеновтің ұйымдастыруымен өткен басқосуда қонақтар сұрақтарға жауап беріп, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті.

 

Іс-шараны университеттің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және Жаратылыстану және география институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Қарлығаш Мұздыбаева ашып, ақжарма тілектерін білдірді.


Жиынға ұстаздар, студенттер, сондай-ақ Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері ‒ постдокторант Гүлсамал Дюсембина, PhD докторлар Назым Конкабаева мен Алтынай Жакупова қатысты.

 

Кездесуді Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі, әдебиеттанушы Әлібек Байбол жүргізді.

 

13.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz