қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
26.04.2023

Абай университеті базасында құрылған KazDual обсерваториясының таныстырылымы өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов студенттерді кәсіби даярлау сапасы еңбек нарығының сұранысында қашан да өзекті болып қала беретінін және тәжірибеде тексерілетінін атап өтті.


25 сәуірде Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KazDual» жобасын жүзеге асыру аясында Абай университеті базасында құрылған KazDual обсерваториясының таныстырылымы өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов студенттерді кәсіби даярлау сапасы еңбек нарығының сұранысында қашан да өзекті болып қала беретінін және тәжірибеде тексерілетінін атап өтті. Білім мен дағдылар тұрғысынан жас мамандар әрдайым жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келе бермейді және оларды қайта даярлап, жаңа жұмыс жағдайларына бейімдеуге тура келеді. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі - дуальды оқытуды кеңінен енгізу.

 

Іс-шара барысында «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» KazDual құрылымдық жобасын жоба үйлестірушісі Баян Сапарғалиева, обсерваторияның STEM-жабдықтарын дуальді бағдарлама студенттері мен доцент Әсел Ақпаева таныстырды. Академиялық үлгерім департаментінің директоры Раушан Бекмұратова «АКТ көмегімен бастауыш білім беру» пилоттық дуальды бағдарламасының өндірістік оқыту барысы туралы айтты. Бұл білім беру бағдарламаны Абай университетінің Педагогика және психология институты мен университет серіктесі - NGS Жаңа ұрпақ мектебі жүзеге асыруда.

 

Абай университеті Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева бұл жоба жалпы Қазақстанның жоғары және кәсіптік білім беру жүйесіне өңірлік және республикалық деңгейде әсер ету үшін жасалғанын атап өтті. Дуальды оқыту идеялары белгілі бір қызмет саласында қажетті білім мен дағдыларды меңгеру және практикалық базамен байланысын нығайту мақсатында студенттердің теориялық және практикалық дайындығын біріктірумен тығыз байланысты.

 

 

26.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz