қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
23.11.2017

Ректор студенттермен ақылдасып, кеңесті

 


 

Жақында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Такир Балықбаев студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет студенттерінің оқу үлгерімі мен оқудан тыс уақыттағы тәртібі туралы мәселе сөз болды. Ректор студенттерге университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласуы олардың жан-жақты интеллектуалды дамуына зор ықпал ететініне тоқталды. Сонымен қатар студенттердің сабаққа қатысуы мен қысқы сессияның қалай өтетіні туралы да баяндап берді. Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын ректорға жолдап, тұшымды жауаптар алды. Студенттердің көпшілігі университетте мәдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса деген тілектерін де жасырмады. Сөз соңында университет ректоры Т.Балықбаев студенттердің барлық тілектері алдағы уақытта толықтай орындалатынын, сонымен бірге тұңғыш жоғары оқу орнының студенттері белсенді де білімді болу керектігін айтты.
Кездесуге оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмұрзаев, тәрбие ісі жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев және тәрбие басқармасының бір топ белсенді жастары қатысты.

 

23.11.2017ж.

Ақпарат көзі: kazakhstanzaman.kz