қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Мұхадиев Әкімбек Медерханұлы

Мұхадиев Әкімбек Медерханұлы

Білімі: 1979 ж.- 1986 ж. Ленинград И.Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтында оқыды. 1986 ж.- 2011 ж. «Алматыгипрогор-1» жобалау институтында жұмыс істеді. Осы жылдар аралығында Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқытушы, аға оқытушы, доцент, «Интерьер дизайны» кафедрасы меңгерушісі, «Сәндік қолданбалы өнер және дизайн» факультет деканы қызметтерін атқарды. Сәулет кандидаты.
2011 жылы ХББК Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясына, сәулет факультетінің профессор ассистенті қызметіне қабылданды. 2017 жылдың тамыз айынан Қазақ Ұлттық Педагогика Университетін «Шығармашылық мамандақтар» кафедрасында дәріс жүргізеді.
Марапат: «Қазақстан Республикасы Оқу Ісінің Үздігі» белгісімен марапатталған. Бірқатар халықаралық конкурстар мен көрмелерге қатысқан. Оқытқан студенттері әртүрлі халықаралық конкурстардың жүлдегерлері, І және ІІ дәрежелі диплом иегерлері. 2006 жылдан бері Қырғыз Республикасының дизайн Академиясының «Ғылыми зерттеу бірлестігінің» мүшесі.
Ғылыми еңбектері: 1997-2003 жылдары Қазақстан Республикасының өнер саласынан энциклопедиялық сөздік жасап шығаруға өз үлесін қосты.
1995-2007 жылдары 050421 ҚР білім беру мемлекеттік стандартын Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша жасауға қатысты. Сәулет саласынадағы бірқатар әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалардың авторы.
2014 жылы қараша айында Бішкек қаласында, Н. Исанов атындағы ҚМҚТСУ- де, 05.23.20.- Сәулет теориясы мен тарихы, тарихи мұраларды реставрациялау және қайта құрылымдау мамандығы бойынша «Қазақстанның заманауй сәулетіндегі өнерлер синтезі проблемалары» атты тақырыптан кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ғылыми, ғылыми - әдістемелік және соған тең келетін жұмыстар саны 19, оның ішінде 7- жұмысы шет ел баспаларында жарық көрген (Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан).
Оқу және ғылыми жұмыстары мен бірге студенттердің тәрбие жұмысына, СҒІЖ жетекші ретінде өз үлесін қосуда. Академияда және факультетте өтетін ұйымдастыру-әдістемелік, ғылыми-ізденіс іс-шараларына белсенді араласады.
Сәулет саласындағы әйгілі сәулет қайраткерлері жайында мақалалары «Алматы ақшамы», «Айқын» республикадағы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі басылып шығады.
Жүргізетін пәндері: 1986 жылдан бері «Сәулеттік жобалау» пәнінен тәжірибелік сабақтар жүргізеді және сәулет мамандықтарына арналған «Дүниежүзілік сәулет тарихы» «Заманауи сәулет тарихы», «Дизайн тарихы», «Бейнелеу өнер тарихы», «Қазақстан сәулет тарихы» пәндерінен (мемлекеттік және орыс тілдерінде) лекция сабақтарын оқиды.
Ғылыми деңгейін шыңдау мақсатында Қазақстан және Орта Азия сәулеті теориясы мен тарихын зерттеу саласында өз білімін үнемі жетілдіруде.

 

 


← Вернуться назад