қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.03.2018

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Цифрлы университет» атты ха­лықаралық семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты - цифрлы университеттің мәні, ерекшелігі және технологиясын талқылау, Абай атындағы ҚазҰПУ-де Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасын ашу.


Семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Такир Балықбаев, МҚПУ-дың профессорлары Сергей Григорьев, Николай Пак, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, профессор Есен Бидайбеков, профессор Бақытжан Ахме­тов, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қа­ласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ өкілдері, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының түлегі Гүлзада Сержан қатысты.


Семинар барысында университет ректоры Такир Балықбаев халықаралық семинардың маңыздылығын атап өтті.


- Білім және ғылым - еліміздің әлеу­меттік-экономикалық капиталын дамы­тудың негізгі факторы. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлы білім беру технологияларын енгізу Қазақстанның білім беру ақпараттық инфрақұрылымының дүниежүзілік білім беру ортасымен интеграциялануына ықпал етеді. Халықаралық Қазақстан - Ресей семинарын өткізу - университетіміз үшін маңызды оқиға. Әрине, ғылыми зерттеулер процесін жетілдіруде өз үлесін қосып, жемісті жұмыстар атқаруға ынталандырады. Білім беру үрдісінде цифрлы технология­ларды қолдану мәселелерін талқылау жаңа зертхана қызметінің негізін және зерттеу бағытын айқындайтын тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Университетіміздің базасында серік­тестеріміз - Мәскеу қалалық педагоги­калық университетімен және В.Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педаго­гикалық университетімен бірлесе ашылған халықаралық ғылыми зертхана білім беруді цифрландыруда күш біріктіре отырып, күрделі міндеттердің орындалуына мүмкіндік береді, - деді ол.


МПУ-дың профессорлары Сергей Григорьев, Вадим Гриншкун, В.Астафьев атындағы КМПУ-дың профессоры Нико­лай Пак баяндамаларында ақпараттарды цифрлы өңдеу ерекшеліктері, мұғалімдерге арналған бағдарламалық құралдар, STEM-технологияларды пайдалану арқылы зерттеу дағдыларын дамыту және цифрлы университеттің ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыру аясында жоғары оқу орнын ақпараттандырудың жүйелік тәсілдері, университетті цифрландырудың 40 идеясы, білім берудің жаһандану жағдайында мега-сабақтарды ұйымдастыру және өткізу туралы айтылды. Сондай-ақ ҚазҰПУ-дың цифрлы педагогикалық университет болып қалыптасуы үшін «Білім берудегі цифрлы технологиялар» курсын өткізу туралы ұсыныс жасалып, цифрлы университет құрудағы теориялық және тәжірибелік тәсілдер, білім беруде цифрлы технологияларды тиімді пайдалану үшін педагогтарды даярлау жүйесін қалып­тастыру, студенттерді даярлау техноло­гиялары мен құралдары талқыланды.

 

3 күндік семинар аясында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.


Ректор Такир Балықбаев семинарды қорытындылай келе, жаңа ғылыми зертхана жұмысына жетістік тіледі.

 

Авторы: Римма Жанбаева

02.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz