қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Нұрбаева Дилара Мұратқызы

Нұрбаева Дилара Мұратқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Қостанай облысы Рудный қаласында дүниеге келдім. №4 математика оқытуға бағытталған орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бакалавриат және магистратурасында оқыдым.

Магистратураны аяқтағаннан кейін «Математикалық анализ, алгебра және геометрия» кафедрасында жұмыс істедім.

2014 ж. 6D010900 - Математика мамандығы бойынша PhD докторантураға түсіп, 2018 ж.6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында алгебра курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясын қорғадым.

2018 ж. қыркүйек айында 6D010900 - Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2017 ж. қыркүйек айының 1 жұлдызынан осы күнге дейін Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатика оқытудың әдістемесі кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеп жатырмын.

Ғылыми және оқытушылық қызметті қоса атқарып жүрмін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Мұғалім

2006

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Магистратура

2008

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет

Докторантура

2017

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

6D010900 - Математика

06.09.2018

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Математикалық есептерді шығарудың практикумы,Мектепте математикалық білім берудің  қазіргі заманғы мәселелері, Математиканы бейіндік және саралап оқыту, Математиканы оқыту әдістемесі бойынша практикумы - 2 тілде оқытылады.

Магистратурада: Математикада экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Мектеп және педагогикалық университетінде математиканы оқытудың мәселелері бойынша жұмыс істейді. 20-дан астам жарияланымдары бар (К вопросу о развитии познавательной самостоятельности студентов-математиков в педагогическом вузе//Актуальные проблемы преподавания математики в школе и педагогическом вузе. 25 шығарылым . - Мәскеу, 2015. - Б. 255-259; О некоторых вопросах обучения математике в школах и педагогических вузах Казахстана/ «Актуальные проблемы обучения математике в школе и вузе в свете идей Л.С. Выготского» III Халықаралық ғылыми конференция материалдары . - Мәскеу, 2016. - Б. 201-207; О проблеме преемственности в обучении курсу алгебры в школе и педагогическом вузе// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №2 (58) «Физика-математика ғылымдары» сериясы.  - Алматы, 2017. - Б.73-76; Возможности использования компьютерной программы GeoGebra в обучении курсу алгебры в школе и педвузе/ Рухани жаңғыру аясында «Цифровое образование - передовые знания и компетентность» тақырыбындағы «Тулегенов оқулары-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары - Арқалық, 2018. - Б. 55-60; Teaching of Omarov`s and Mealy`s automations for students of natural spesialities// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, №2 (66) «Физика-математика ғылымдары» сериясы - Алматы, 2019. - Б. 280-285)

Келесі мақала импакт-факторы бар журналда  жарияланған:"The Turkish Vector" Influence on Teaching the Exact Disciplines in Modern Educational System of Kazakhstan: on the Example of Teaching Algebra and Mathematics//Global Journal of Pure and Applied Mathematics. ISSN 0973-1768. Volume 12, Number 4. - India, 2016. - рр. 3481-3491

 


← Вернуться назад