қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Кенжибекова Эльмира Полатқызы

Кенжибекова Эльмира Полатқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылды мекенінде 1973 жылы Наурыз айының 24-ші жұлдызында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазақ тілі ана тілім. Орыс тілін еркін меңгергенмін. Неміс тілін сөздікпен.

1980 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап ОҚО, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы «8-ші Март» атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1990 жылы күміс алқамен аяқтадым.

Білімім жоғары.

80-нен астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіреді. 

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті

«Құқықтану» мамандығы Заңгер біліктілігі

1995

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Заң  ғылымдарының кандидаты

Құқықтану  саласы

2007

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

Қауымдастырылған профессор

2020

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: ҚР Қылмыстық процесуалдық құқығы, Қылмыстық процестегі адам құқықтарын қорғау институты, Соттық бақылау, Қылмыстық процестік құжаттарын құрастыру практикумы - мемлекеттік тілде сабақ береді.

Магистратурада: Қылмыстық процесуалдық заңнамаларының өзекті мәселелері, Қылмыстық процестегі адам құқықтарын қорғау мәселелері, Қылмыстық құқық және қылмыстық процес заңнамаларын тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу бағыты, жарияланымдар саны (маңызды 5-уін көрсету). Қылмыстық іс жүргізу саласы бойынша және процесуалдық заңнамаларды тәжірибеде қолдануға байланысты өзекті мәселелерді зерттеумен айналысады. Зерттеу жұмыстары бойынша 70-тен астам ғылыми еңбектері бар, олардың ішінде 1 монография («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы дәлелдеу мәселелері» - Алматы «Отан баспасы», 2019. - 137 бет.) және бір оқу құралы  («ҚР Қылмыстық процесуалдық құқығы. Дәрістер жинағы. Оқу құралы. - Алматы «Жеті жарғы». - 2016. - 442 бет.) бар.

Екі мақала импакт-факторы бар журналдарда  жарияланған: 1)ISSN: 2068-696X Journal`s DOI: https://doi.org/10.14505/jarle Quarterly Volume VII Issue 6(20) Fall 2016, 1503-1511 str; 2)INTERNATIONAL JOURNAL OF ENVIRONMENTAL IT SIENCE EDUCATION, - 2016, Vol. 11, NO. 15, 8507 - 8516.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - зерттеу бағыты, жарияланымдар саны (маңызды 5-уін көрсету). 10-тан астам әдістемелік ұсынымдар. Олардың ішінде 4 - әдістемелік оқу құралдары (3-уі баспа нысанында 1-уі электронды оқулық) бар; 1. («ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. (схема нысанында) Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы «Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика институты». - 2014. - 182 бет.) 2.  «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Оқу-әдістемелік құралы - Алматы «Абай атындағы ҚазҰПУ Құқық және экономика институты». - 2014. - 322 бет.)», 3. («Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі. Жалпы бөлім. Схемада: Оқу-әдістемелік құралы. Толықытырылған және өңделген 2-ші  Басылым. - Алматы: «Абай атындағы ҚазҰПУ». - 2018. - 182 бет.)).

Электрондық оқулық. «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі. Жалпы бөлім. Схемада: Оқу-әдістемелік құралы. Толықытырылған және өңделген 2-ші  Басылым. - Алматы: «Абай атындағы ҚазҰПУ». - 2018. - 182 бет.)

 


← Вернуться назад