қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
05.04.2018

Еліміз бойынша студенттерге 707 мың орын жетіспейді

 

 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары білімнің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педа­гогикалық университетінде болып, ұжыммен, студенттер қауымымен кездесті.

 

Алдымен халық қалаулылары Серік Сейдуманов пен Ержан Құдайберген оқу ордасының 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, университет ректоры Такир Балықбаевқа шығармашылық табыс тіледі. Осыдан соң ел өміріне оң өзгеріс, жаңа серпін ала келген «Елбасының бес әлеуметтік бастамасына қатысты түсіндіру жұмыстарын бастады. Бұл бес бастаманың қай-қайсысын алсаңыз да, халықтың жанына жақын әрі бүгінгі ең өзекті мәселелерден шығудың төте жолы іспетті. Сондықтан сөз кезегін алған Серік Сейдуманов «Бүгінгі күні елімізде баспанаға мұқтаж азаматтардың саны 14 пайызды құрап отырғанын, әлеуметтік бастама осы азаматтардың барлығын тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейтінін айта келіп: «Бұл бағдарлама ұзақ мерзімге арналған. Халықты толғандырған мәселе толық шешілмейінше жұмыс істейтін боламыз. Дегенмен, 2023 жылға қарай бағдарламаның негізгі параметрлері орындала бастайтынына күмән жоқ», - деді. Ол сондай-ақ, баспаналардың бір қолға өтіп кетпеуін қадағалау мақсатында тиісті шектеулер қойылып отырғанын да тілге тиек етті.

 

Сонымен қатар, тұрғын үй салу жұмыстарына, негізінен, мемлекеттік және жекеменшік серіктестікті дамыту арқылы қол жеткізу көзделіп отырғаны белгілі. Осы мәселеге тоқталған депутат Ержан Құдайберген бағдарламаны ауылдық жерге де икемдеу керектігін сөз етті. «Ауылдық жерде көп қабатты тұрғын үй сала алмайтынымыз белгілі. Сондықтан ол жақта жеке баспана салу, жас мамандарға жағдай жасау жөнінде «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің» басшыларымен келіссөз жүргізіп, тапсырма бердік. Сіздер мамандық алып, ауылға барғанда, мәселелеріңіз шешіледі деп ойлаймын», - деді студенттерге.

 

Бастамадағы басты мәселе - Елбасы айтқан студенттерге жатақхана салу жайы. Қазіргі таңда еліміз бойынша студенттерге 707 мың орын жетіспейді, оның 21,5 мыңы Алматының үлесіне тиеді екен. Жаңа бастама бойынша 2022 жылға дейін әрқайсысы шамамен 500 орынға арналған 150 жатақхана салу көзделуде. Университет ректоры Президенттің бұл бастамасын қолдайтынын және жатақхана салуға дайындық жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

 

Авторы: Р.Ескермесқызы

05.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz