қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
19.01.2022

Білім алушыны бір жоғары оқудан екіншісіне ауыстыру тәртібі

 

Білім алушыны басқа ЖОО-ға ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 

1. Басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы ректордың атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны таңдаған ЖОО-ның басшысына жүгінеді.


2. Таңдаған ЖОО қабылдаған жағдайда Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сұраныс қағазын жолдауы тиіс.


3. Сұраныс қағазының негізінде білім алушы бұйрықпен оқудан шығарылып 3 жұмыс күн ішінде құжаттары почта арқылы жіберіледі.


4. Ауыстыру рәсімі 23.01.2022ж. дейін.


Тиісті құжаттар тізімі: Транскрипт, ҰБТ куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, аттестаттың көшірмесі.

 

Білім алушыны басқа ЖОО-дан ауыстыру рәсімі

Білім алушы басқа ЖОО-нан Абай атындағы ҚазҰПУ-не ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 

1. Басқа ЖОО-нан ауысып келгісі келген білім алушылар ректордың атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді.

 

2. Сонымен қатар өз ЖОО-ның келісім өтініші, транскрипт, ҰБТ куәлігінің көшірмесі, аттестаттың көшірмесі қоса тіркеледі.

 

3. Өтініш негізінде бұйрық шығарылады, бұйрық негізінде сұраныс хат жіберіледі.

 

4. Ауыстыру рәсімі 23.01.2022ж. дейін.


Тиісті құжаттар тізімі: Транскрипт, ҰБТ куәлігінің көшірмесі (педагогикалық мамандыққа 75 балдан жоғары, педагогикалық емес мамандыққа 70 балдан жоғары болуы тиіс) , жеке куәлігінің көшірмесі, аттестаттың көшірмесі.