қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
15.05.2018

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру жастарға тың серпін береді

 


 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында жастардың білім алу мен алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар мұқият сараланып айтылған. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламада аталған алты арнайы бастамалары арқылы білімге құштарлықты арттыруға ерекше мəн берумен қатар, бəсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, өткеннен сабақ ала отырып, тарихқа көз жүгірту, әлемнің дамыған елдерімен тәжірибе алмасуға және болашаққа нық қадам жасай білуге шақырды.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламада аталған алты арнайы жобаның қай-қайсысы да жеке мемлекеттік бағдарлама болуға лайық дара бастамалар. Сондықтан кез-келген қоғамның күші - білімде, ал кез-келген тілдің қуаты - ол тілдегі мазмұнында екенін ескерсек, Елбасының «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы тілдің қауқары мен қоғамның әлеуетін биікке көтеретін бастама екендігі анық.

 

Білім саласындағы жаһандық бәсекеге бейімделген мамандарды даярлау мақсатында жасалған әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр. Жасалынып жатқан ауқымды жобалар жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың бірі. Әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізу жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттырады.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарымыздың жоғары ғылыми стандарттарына сәйкес білім алуы үшін мемлекет тарапынан 800 кітаптар ұсынылып, алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтитын үздік оқулықтар жасалды. Бұл бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды шара, бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда жасалынып жатқан нақты қадам.

 

Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау - қазақ елі үшін үлкен жетістік. Елбасының көреген саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар еліміз бен қоғамымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, алдағы уақытта рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сеніміміз мол.

 

Авторы: Фарида Оразақынқызы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

шығыс тілдері және аударма кафедрасының доценті, PhD

15.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz