![]()
16.05.2018
Қазақстандағы 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының тізімі белгілі болды
Қазақстандағы аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) еліміздегі үздік 20 жоғары оқу орнын анықтады.
АРТА рейтингіне еліміздегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, сонымен қатар Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті тәрізді жоғары ұпай жинаға жоғары оқу оырндары кірген.
Қазақстандағы 75 жоғары оқу орны АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға өтініш білдірген. Алайда өтінішті дұрыс толтырмаған 17 ЖОО рейтингке енбеді. Еліміздегі ЖОО-лардың 2018 жылғы жалпы рейтингісіне 58 жоғары оқу орны кірді. Олардың - 6-ауы ұлттық, 21-і мемлекеттік, 7-еуі акционерлік және 24-і жеке меншік білім беру ұйымдары.
Нәтижесінде Қазақстандағы үздік 20 ЖОО олардың жалпы рейтингін саралаудың маңызды критерийлері бойынша барлық негізгі көрсеткіштердің есебін шығару тәсілі арқылы анықталды.
Мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша жоғары көрсеткішке ие болған оқу орындары тізімдегі алғашқы үштіктен көрінді. Олар - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
16.05.2018 ж. Ақпарат көзі: stan.kz
![]() Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz rector@kaznpu.kz
|
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8(727)221-85-14
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|