қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
24.03.2022

Құрметті әріптестер!

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі (Кеңсе) «Абай атындағы ҚазҰПУ Үздік оқытушысы» университетішілік конкурсының басталғаны туралы жариялайды.

 

Жыл сайынғы конкурс университеттің профессор-оқытушылар құрамының жоғары жетістіктерін анықтау және оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын меңгеру мақсатында өткізіледі.

 

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Инновациялық оқытушылық шеберлік» (әдістеме);
2. «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы»;
3. «Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибесімен бөлісу» (барлық санаттағы қызметкерлер үшін ашық);
4. «Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне кіріктіру»;
5. «Цифрлық педагог».

 

Конкурсқа университеттің барлық штаттық оқытушылары мен әкімшілік-басқару қызметкерлері қатыса алады.


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді жеке тұлғалар немесе алты адамға дейінгі топтар бере алады.


Құрылымдық бөлімшелердің тиісті басшыларының қолы қойылған кандидаттардың өтініштері Кеңсеге 2022 жылғы 30 сәуірге дейін мына электрондық мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: bm@abaiuniversity.edu.kz


Конкурсқа қатысу үшін шарттар, критерийлер және қажетті құжаттар тізбесі «Абай атындағы ҚазҰПУ Үздік оқытушысы» университетішілік конкурсын өткізу Қағидаларында сипатталған.
Әріптестеріңізбен бұл конкурс жайлы ақпаратты бөлісуіңізге болады.


Сұрақтарыңыз болса, көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз: +7 727 291 07 29

 

Баршаңызға сәттілік тілейміз!