қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
02.07.2018

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Елбасы кітаптарын сыйға тартты

 



Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көптомдық «Таңдамалы сөздер», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы», «Тәуелсіздік дәуірі», «Қазақстан жолы» кітаптарының, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің Тұңғыш Президент Н.Назарбаев туралы еңбектерінің 400 данасын сыйға тартты.

 

Бұл кітаптарды таныстыру рәсімін ашқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Такир Балықбаев: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отанына, халқына қыз­мет етудің бірегей жолын қалып­тастырған көрнекті тұлға. Еліміздің қарқынды дамуы, әлемге танылуы Елбасымыздың салиқалы сая­сатының жемісі. Өз өмі­рінде көп­ке үлгі болатындай даң­ғыл жол қа­лыптастырған Мемлекет бас­шы­сының өмір жолы кім-кім үшін де қызықты әрі өнегелі. Олай болса, бүгін біздің университетімізге сыйға тартылып отырған дүниелер біз үшін өте құнды», деді.

 

М.Қасымбеков Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі ел тәуелсіздігімен, Қазақстанның жаңа дәуірдегі тарихымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Елбасының «Таңдамалы сөздер» деп аталатын көптомдық жинағына оның жылдар бойғы саяси қызметінің барысында жұртшылық алдында сөйлеген сөздері енгізіліп отыр. Онда Қазақстанның тәуелсіздік алдындағы кезең мен тәуелсіздіктің алғашқы ширек ғасыры тұсындағы ел өміріндегі аса маңызды мәселелер баяндалады. Ал «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясымен шыққан кітаптарда Мем­лекет басшысының қатысуымен елімізде және шетелдерде өткен негізгі іс-шаралар кезең-кезеңімен берілген және Н.Ә.Назарбаевтың ең маңызды сөздерінің мәтіндері мен ол қол қойған заңдар, жарлықтар және басқа да анықтамалық материалдар орын алған.

 

М.Қасымбеков сонымен бірге Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы егеменді еліміздің тарихи шежіресі, теңдесі жоқ асыл мұрасы болғанына ерекше назар аударды. Өйткені бұл кітапта тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бергі жердегі кезеңде мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы, халықаралық қоғамдастықтан ойып тұрып орын алуы - бәрі-бәрі нақтылы деректермен баяндалған. Сондықтан бұл еңбектердің ел тарихын сипаттаудағы орны ерекше. Студент-жастарға бұл кітаптардың берер тағылымы мол. Белгілі білім, ғылым және қоғам қай­­раткері Шәмша Беркімбаева жә­не басқалар Елбасы кітаптары мен ол туралы еңбектердің жастарды отан­шыл­дыққа, патриоттыққа, адамгер­шілікке тәр­биелеудегі маңы­зына тоқталды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­го­гикалық университетінің ректоры Т.Балықбаев осы еңбектердің толық жинақталып, мұқият топтас­тырылып, редакциялануына және жарық көруіне басшылық етіп, өлшеусіз еңбек сіңірген және Елбасы тура­лы ғажайып кітаптар жазған саяси ғылымдар докторы Мах­мұд Қасымбековке және университет кітап­ханасына салиқалы сый жасаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапха­насының ұжымына алғыс айтты.

 

Авторы: Мырзахан Ахметов,

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

02.07.2018 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz