қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.08.2022

Құрметті магистратураға түсушілер!


2022 жылғы 12-15 тамыз аралығында магистратураға БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА қатысу үшін өтініштер қабылданады.


Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар (сілтемесі Testcenterkz телеграм арнасында) арқылы жүзеге асырылады.


Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды:


Жеке куәлігінің көшірмесі;
Жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
КТ сертификаты;
075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (оқуға түскен жағдайда ғана жоо-ға ұсынылады);
Шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде) тапсыру қажет.

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсетеді.