қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
09.10.2023

«Атырау облысы тарихы: проблемалары және даму болашағы» дөңгелек үстел өтеді

 

2023 жылғы 13 қазан күні сағат 13:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Атырау облысы тарихы: проблемалары және даму болашағы» республикалық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

 

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы: көне заманнан бүгінге дейін» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында онлайн және офлайн түрде өткізіледі.

 

Республикалық дөңгелек үстел мақсаты - ҚР ҒжЖБМ №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы: көне заманнан бүгінге дейін» тақырыбындағы ғылыми жобасының Атырау облысының тарихынның проблемалары және даму болашағын жүйелі, жаңаша зерделеуді насихаттаудың қорытынды есебі.

 

Республикалық дөңгелек үстел жұмысының тілдері: қазақ, орыс.

 

Конференцияға қатысуға өтінімдер 13.10.2023 ж. (13 қазан күнін қоса есептегенде) дейін электронды түрде қабылданады: ermukan_erkin@mail.ru

 

Дөңгелек үстел қатысуға еліміздің танымал ғалымдары, докторанттар мен магистранттар және өлке тарихына қызығушылар шақырылады.

 

Дөңгелек үстел отырысындағы баяндама жасаушыларға 7-10 минут беріледі.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жамбыл, 25. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты. Ұялы тел: +7 (707) 370-20-66 ermukan_erkin@mail.ru

 

Өтетін орны: Алматы қ., Жамбыл к-сі, 25, 5 қабат, 505 аудитория

 

Басталуы: сағат 13.00-де (Алматы уақытымен).

 

Zoom кездесуіне қосылу: https://us06web.zoom.us/j/81848932196?pwd=c1pkSEhlTmVuYm1MM2dQUEdkTWduUT09

 

Конференция идентификаторы: 818 4893 2196

 

Қол жеткізу коды: 515903