қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
08.02.2016

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология  институты

Филологиялық  пәндерді  оқыту әдістемесі  кафедрасы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ  ӘРІПТЕСТЕР!

Өтетін уақыты: 05.04. 2016 ж.,  сағат 10-00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Достық даңғылы, 13,  225-үлкен мәжіліс залы.

Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филологиялық  пәндерді  оқыту әдістемесі кафедрасы  Сіз(дер)ді  «Қазақ әдебиетін орыс тілді  аудиторияда оқытудың жаңа бағыттары» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады. Семинар  тақырыбының  негізгі бағыттары:

1-секция. Орыс тілді  аудиторияда, қазақ  әдебиетін  оқытудың  жаңа бағыттары.

2-секция. Жоғары оқу орындарындағы  қазақ әдебиетін, орыс әдебиетін  оқыту  мен  зерттеу  мәселелері.

3-секция. Орта, арнаулы орта білім беру  жүйесіндегі қазақ әдебиеті және қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің оқу-әдістемелік  мәселелері.

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға республикаға танымал әдебиеттанушы ғалымдар,  жоғары оқу орындарының  оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, орта, арнаулы  орта  білім беру  мекемелерінің   мұғалімдері,  студенттер қатыса алады.

Семинар   материалдары  жинақ  түрінде  алдын ала шығарылады. Семинарға  қатысу үшін өтініштер мен баяндамалар 2016 жылдың  15  наурызына   дейін   қабылданады. Семинар қатысушыларға сертификат беріледі.

Мақала-баяндамаларға қойылатын талаптар:

1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:

а) мақала; ә) автор(лар)дың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны мен қызметі қоса көрсетілуі тиіс.

2.  Мақала көлемі - 5-7 бет.

3. Материалдар қазақ тілінде: әріп түрі -  KZ Times New Roman; орыс және ағылшын тілдерінде, әріп түрі -  Times New Roman. Әріп көлемі - 14. Жан-жағы - 2см. Абзац шегінісі - 1,25 см, аралық - бір интервал. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме тік жақшамен беріледі (мысалы: [1,77 б.]. Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет саны көрсетіледі.

4.Мақала-баяндаманың ақысы - 3000 теңге.

Өтініштер мен ғылыми баяндама мақалалары жауапты хатшының электрондық поштасына: akmanat.73@mail.ru жіберулеріңізді  сұраймыз.

Жарияланымға қатысты сұрақтар бойынша жауапты хатшының телефонына хабарласуға болады:

8-701-434-26-34 ф.ғ.к.,  аға оқытушы Шамахова Ақманат Ыбырайқызы.

Семинарға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша жауапты, арнайы комиссияның төрағасы - Филологиялық  пәндерді оқыту әдістемесі  кафедрасының  меңгерушісі, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор   Шаханова  Розалинда   Әшірбайқызы.

Ұйымдастыру  алқасы