қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
25.02.2019

Алматыда «Білім беру Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиналысы өтті

 


 

Өткен жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен ЮНЕСКО «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының қолдауымен «Білім беру Альянсы» Консорциумы құрылған болатын. Құрамына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және республика облыстарының білім беру басқармалары кіретін консорциумның мақсаты - ҚР педагогикалық жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті, заманауи қоғам талабына сай кадрлар даярлау үрдістерін үйлестіру.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Білім Альянсы» Консорциумы мүшелерінің жиналысында қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен педагогикалық кадрларды даярлау және кәсіби біліктілікті арттыру жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметіне сәйкес, аталмыш іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев, Финляндиядан келген халықаралық сарапшылар: Шығыс Финляндия университетінің Даму департаментінің жаһандық және трансұлттық білім беру жөніндегі үйлестірушісі, Ювяскюля университетінің эмеритус-профессоры Йоуни Валиярви, EduCluster Finland Oy өкілдері Яакко Скантси, Элина Харью, Алматы және Орталық Азиядағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының білім беру саласы бойынша маманы Лина Бенетте, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының ректорлары, ЮНЕСКО «EDTECH-KZ» Халықаралық білім беру орталығының өкілдері мен ҚазҰПУ басшылығы қатысты.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

25.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz