қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
29.02.2012

«Ержан Татишевтің Қоры» 2012 жылдың мектеп және  колледж  бітірушілеріне,  мүгедек жандарға   қаржы - экономика  мамандығы  бойынша  бакалавр   дәрежесі бойынша  білім    алынуына  қатысты білім беру гранттарын жариялайды. Өз мақсатының бағытына  қарай,қор сайыс   негізінде  жоғарғы  академиялық  көрсеткіштері және  әлеуметтік жігері  бар  дарынды балаларға гранттар ұсынады.
Бағдарламаның  мақсаты:
-  Қаржы-экономика  мамандықтары бойынша  оқығысы келетін, жаңа  мамандық иесін мақсат  етушілерге, мектеп  және колледжді  үздік  бітірушілеріне, тұрмыс тіршілігі  төмен колледждер мен жетімдерүйінің бітірушілеріне қолдау  көрсету;
- Мамандығы бар  және  сол  мамандықты келешекте  қолдана  алатын жас мүгедек  жандарды  анықтау және  қолдау .

Бағдарламаға  қатысу  үшін:
- Менеджмент, Экономика және Болжау   Қазақстан Институтында, Халықаралық  Бизнес  Университетінде  (UIB)  және Халықаралық  Бизнес  Академиясында оқығысы келетін  мектеп және колледж  бітірушілері. Бағдарламаға  Қазақстан,Әзербайджан,Армения,Белоруссия, Грузия, Қырғыстан, Ресей,Тәжікстан ,Украина   азаматтары қатыса алады. Өтініштерді қарастыру кезінде сайыс  жеңімпаздарын анықтау кезінде  жетімдер  үйінің  бітірушілері жеңілдіктер  ала алады.  

- Қазақстанның  басқа аймақтарында  орта мамандырылған оқу орындарында  білім  алғысы келетін жас  мүгедек  жандар, білім алу  шығындарын  өтей алмайтын отбасылар. Бағдарламаға  тек  Қазақстан  азаматтары   қатыса  алады.

Сайысқа  қатысу бойынша өтінішті өткізудің   соңғы мерзімі  - 17:00 ( Алматы уақыты бойынша ), 31 наурыз 2012 ж.
Сайыс шарттары, өтініш үлгісі, керек  құжаттардың тізімі, сонымен қатар  білім беру гранттары туралы толық  бағдарламаны  қор сайтынан www.tatishevfoundation.kz    және Бағдарлама   серіктестері  -  қатысушы  оқу  орындарының  қабылдау  комиссиясынан  қараңыз.
Толтырылған өтініш үлгісін,сонымен қатар   құжаттарды Қор  офисіне алып келу керек  немесе    «Білім беру гранттары бойынша  сайысқа » деген  белгімен  пошта арқылы мекен-жай арқылы  жіберу  қажет  (құжаттар  электрондық пошта  және  факс арқылы  қабылданбайды):

 " Ержан Татишевтің Қоры"
Қазақстан  Республикасы ,  Алматы  қаласы , 050026, Тел: (+7 727) 298-02-50, 298-02-51, 298-02-49
 Байзақов көшесі , 125 ( Әйтеке би қиылысы  ), E-mail: foundation@tatishevfoundation.kz
Бизнес Орталығы , 4 блок,  335 кеңсе, Веб-сайт: www.tatishevfoundation.kz