қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
30.04.2019

Ақынмен жүздесті

 


 

Nur Otan партиясының жанындығы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Сапарғали Бегалин атындағы Алматы қалалық орталық балалар кітапханасында «Ұрпақтар сабақтастығы - тәуелсіз Қазақстан іргетасы» атты жоба аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезекпен кездесу кеші өтті.

 

Кездесуді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенті Әбілқайыр Тілеужан жүргізді. Еркін форматта өткен кеште кө­рер­мен тарапынан түрлі тақы­рыпта сұрақ қойылды. Шығарма­шы­лығы жайында әсерлі әңгіме­лерімен бөліскен ақын барлық сауалға шынайы жауап берді. Сырлы сұхбатқа толы кездесуде жастар ақынның шығарма­шы­лығымен, адами болмысы және рухани әлемімен жақын танысты.


- Бұл кездесудің басты мақ­саты - Жастар жылы аясында ұйым­дастырылып отырған «Ұр­пақ­тар сабақтастығы» жобасы аясында жастар мен аға буын өкіл­дері арасындағы байланысты ны­ғайту. Олар - кез келген мемле­кеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қа­тарына кіруі жолында ел жастарының атқарар рөлі орасан зор, - деді Ақберен Елгезек.


Кездесу соңында ақын іс-ша­ра­ны ұйымдастырған Алматы қала­лық «Жас Отан» Жастар қанатының ұжымына алғысын білдірді.

 

 

30.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz