қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.12.2016

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЙЫМЫ TURKSOY

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

 ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Құрметті әріптестер!

 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті TURKSOY Халықаралық Түркі Мәдениеті ұйымының қолдаумен 2016 жылы 22 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде Ұлы түркі ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған «Жүсіп Баласағұн: гуманистік педагогика негіздері және заманауи білім беру» тақырыбында өтетін Халықаралық Дөңгелек Үстелге шақырады.

            Жүсіп Баласағұн -Қараханид дәуірінің ұлы ойшылы, ақын және ғұлама. Ойшыл XI Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұнда дүниеге келген. Ғұлама педагогика тарихында,жазба әдебиетте түркі тілінде тұңғыш жазылған «Құтты білік» дастаны үшін «Хас Хаджиб» атағына ие болды. Белгілі еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңінде жазады.Ойшыл Әбу Насыр әл -Фараби, Қожа Ахмет Яссауи Махмұд Қашқари тәріздес көрнекті қайраткерлерімен тең болып табылады.

            Халықаралық Дөңгелек үстел мақсаты: Түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның гуманистік идеялары арқылы білім беру және бүгінгі күні жастардың бойында рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі өзекті мәселелерін талқылау.

Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті , Жамбыл көшесі- 25, конференц-залы, 2-қабат.

            Халықаралық Дөңгелек Үстел ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Жалпыуниверситеттік Педагогика кафедрасы