қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.01.2018

Хабарландыру


Абай атындағы ҚазҰПУ 2017 түскен 1 курс пен 2016 жылы түскен 2 курс, орта мектепті тәмамдаған ҚР азаматтары, күндізгі бөлім студенттері әскери кафедрада оқуға ниетіңіз болса 2018 жылдың 1ақпаны мен 20 мамыры аралығында әскери кафедраға өтініш беруге келіңіз.


Өзіңізбен келесі құжаттар болуы тиіс:
1. ҚР жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
2. Тіркелу туралы куәлік немесе әскери билет
(түпнұсқасы мен көшірмесі);
3. Жоо деканатының оқып жатқан мамандығы туралы анықтама қағазы;
4. 3х4 көлеміндегі 2 фото;
5. Ата-ананың біреуі немесе екеуінің қамқорлығынсыз қалу туралы анықтама, не асырап алуды растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (егер болған жағдайда);
6. Сотталғандық не әкімшілік құқық бұзушылық болмағандық туралы анықтама;
7. Спорттық разряд, республикалық не халықаралық олимпиадада, жалпы білімдік пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, жалпы білімдік пәндерден президенттік не республикалық олипиадада соңғы үш жылда жүлделі орын марапаттары.
8. Жеке істі рәсімдеуге екі мөлдір файл.


Сұрақтарыңызбен № 8 кабинетке немесе төмендегі телефонға хабарласыңыз:
подполковник Оразбеков Бауыржан Жаркынбекович -  87789552121;
жұмыс телефоны - 382-27-35.