қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.12.2020

Қазақстандағы алдағы сайлау сарапшылардың көзімен

 

2020 жылдың 25 желтоқсанында Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы қарсаңында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы алдағы сайлау сарапшылардың көзімен» дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстелге Қазақстанның сарапшы-ғалымдары Е.К. Алияров, Э.Б. Мухамеджанов, Ю.О. Булуктаев, Э.Э. Полетаев, Ж.Қ. Симтиков, С.М. Борбасов және т.б. қатысты.

 

Іс-шараға қатысқан тәуелсіз сарапшылар сайлау үдерісіндегі жаңашылдықтар туралы көзқарасымен бөлісті. Бұл да білікті кадрларды іріктеу және саяси алаңда жас көшбасшыларды қалыптастыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.