қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
18.01.2021

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының докторанттарының ғылыми семинары

 

2021 жылдың 15 қаңтарында Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен докторанттардың кезекті ғылыми семинары өтті. Модератор - профессор-зерттеуші Л. В. Сафронова. Спикер - «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты Қайрлиева Нұргүл. Баяндама тақырыбы - «Филолог-студенттердің орыс тілін кәсіби коммуникативтік оқыту контексіндегі лингвомәдениеттанулық бағыттағы жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі туралы». Ғылыми жетекшісі - профессор Г.А. Қажығалиева.

 

Семинарға орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С. Д.Абишева, профессор Г. А. Қажығалиева, доцент Ж. Б. Ибраева, кафедраның 12 докторанты қатысты.

 

Іс-шара барысында білікті мамандар лингвомәдениеттану мәселелері мен ғылыми зерттеу құрылымы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Семинарда докторант пен оның ғылыми жетекшісі барлық сұрақтарға толық жауап берді.