қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.09.2018

«Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» VIIІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

 

2018 жылдың 3- 4 қазан күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімде және ғылымда» VIIІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізіледі.

 

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Математика, информатика және ақпараттық-математикалық модельдеу;

2. Жаратылыстанудың кері және қисынды емес есептері;

3. Білімді ақпараттандыру және цифрландыру;

4. Физика-математикалық білім беруді цифрландыру және STEM білім беру;

5. Білімді цифрландыру жағдайында педагогикалық өлшеулер.

 

Өтiнiштердi тiркеу және баяндамаларды беру:

Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2018 жылдың 7 қыркүйегіне дейiн http://mmiton8.kaznpu.kz  мекен-жайы бойынша қабылданады.

 

Конференция өтетін орыны мен уақыты:

Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының ғимаратында Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 86, мекен жайында өткізіледі.

 

Конференцияның ашылуы - 3 қазан 2018 ж., сағат 10.00

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 

Ақпараттық хат