қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.01.2021

Әдіскерлерге арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті жетілдіру және қашықтан оқыту орталығы аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет басшылары мен әдіскерлеріне «Білім сапасын қамтамасыз етуде аудандық әдістемелік кабинеттердің рөлі» тақырыбында қырық сағаттық қазақ және орыс тілдерінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырылды, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қыхзметі.

 

Курсқа Алматы, Атырау, Ақмола, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласынан 180 әдістемелік кабинет басшылары мен әдіскерлері қатысты. Орталықтың оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Белденбаева М.Т. курсқа қатысушыларды жаңартылған білім беру жағдайында білім сапасын қамтамасыз етуде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстырды.

 

Олар коучинг және тәлімгерлікті тәжірибеге енгізудің, Lesson study мен іс-әрекетті зерттеу процесін ұйымдастырудың, қашықтан оқыту жағдайында жоғары сапалы байланыс және құжаттаманы жүргізу үшін «бұлтты қызметтерді» пайдалануда мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тәсілдерін талқылады.

 

Курс соңында орталық директоры А.А.Семченконың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде тыңдаушылар нормативтік құжаттардың өзгеруіне байланысты әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың өзекті мәселелермен тәжірибе алмасып, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады және курстың тиімділігі мен тақырыптардың өзектілігі, мазмұндылығы туралы ерекше атап өтті және алдағы уақытта орталықтың ұйымдастырылатын курстар жоспарларымен таныстырды.

 

 

25.01.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz