қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.02.2021

Партия белсенділері марапатталды

 

2021 жылдың 29 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының сайлауы науқанында елеулі еңбек еткен «NurOtan» партиясының бірқатар белсенді тұлғалары, штаб жетекшілері мен мүшелері «NurOtan» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.


Алматы қалалық «NurOtan» партиясы филиалында Рахман Алшановтың басшылығымен өткен марапаттау рәсімінде Медеу ауданы бойынша сайлауалды Штабының төрағасы, университетіміздің Басқарма Төрағасы-Ректор Такир Балықбаевқа Елбасының Алғыс хаты табысталды.


Сонымен қатар, Медеу ауданы бойынша «NurOtan» партиясының белсендісі, университетіміздің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев және сайлау науқанында нәтижелі жұмыспен көзге түскен 30 жас белсенділер Елбасының алғыс хатына ие болды.


Барша марапатталушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта «NurOtan» партиясы алға қойған мақсат-міндеттерін іске асыру үшін аянбай еңбек ете беретіндігіне мол сенім білдіреміз.

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

саясаты жөніндегі департамент

 



25

Вернутся назад