қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
03.02.2021

«Семестрдің үздік қызметкері» мақтау қағазының иегері

 

2021 жылдың 3 ақпанында Мектепке дейінгі , әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жанна Асанханова «Семестрдің үздік қызметкері» мақтау қағазымен марапатталды.

 

Аталған конкурс 2020/2021 оқу жылындағы бірінші семестрдің қорытындысы бойынша университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасында өткізілді. Марапаттау рәсімі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры Балықбаев Такир Оспанұлының қатысуымен өтті.