қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
04.02.2021

Болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағдар берудің маңызы зор

 


 

2 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды» қалалық онлайн-форум өткізілді. Оны көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Ерлан Бірталаев, Альбина Бейкитова, Айжан Сагимбаева, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов ұйымдастырды.

 

Форумға Қапшағай қаласының орта мектеп гимназиясы (Алматы облысы) және Шиелі ауданының №252 орта мектебінің (Қызылорда облысы) директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты.

 

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

 

Форумда Абай университеті туралы видеоролик көрсетілді. Іргелі оқу орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды.

 

 

04.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



371

Вернутся назад