қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.02.2021

Ұстаздар ұстаханасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

 


 

Кеше, 24 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының мансапты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

 

Жәрмеңкеге Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің жетекші маманы Умут Мамырханова, Түркістан қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Даурен Босымбаев, Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Мурат Жаныбек, университеттің «Мансап» орталығының бастығы Гулира Үсейн, институтттың профессор-оқытушылар құрамы мен бітіруші түлектер қатысты.

 

Директор Куляш Каймулдинова және қонақтар бүгінгі таңдағы жұмыспен қамтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Жәрмеңке барысында студенттер мен жұмыс берушілер еркін пікір алмасып, оларды талқылады.

 

 

25.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



281

Вернутся назад