қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
26.02.2021

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының мансапты дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.

 

Жәрмеңкеге Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің жетекші маманы Үміт Мамырханова, Түркістан қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Даурен Босымбаев, Қапшағай қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Мұрат Жаныбек, университеттің «Мансап» орталығының бастығы Гулира Үсейн, институтттың профессор-оқытушылар құрамы мен бітіруші түлектер қатысты.

 

Директор Күляш Каймулдинова және қонақтар бүгінгі таңдағы жұмыспен қамтуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Жәрмеңке барысында студенттер мен жұмыс берушілер еркін пікір алмасып, оларды талқылады. Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институтындаоқитындар саны 900-ден астам студент білім алуда. Қазіргі уақытта институтта нарықтық экономика жағдайында зәру және бәсекеге қабілетті 22 мамандық және 2 бағыттық мамандандыру бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды.


Қазір институт құрамында химия, биология, география, экология және туризм кафедрасы бар.

 

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулермен шұғылдануына, спортпен айналысуына, театрларға баруына, экскурсияларға шығуына, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасалған.

 

 

26.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz