қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
26.09.2018

     

 

 

«Экологиялық клубтар» жобасы басталады

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына орай 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап университетте «Мейірім» клубы және «PosadiDerevo.kz» Pеспубликалық Қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен, Алматы каласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу баскармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Экологиялық клубтар» жобасы жүзеге асырылып жатыр.


Экожобаоқушылар мен студенттер ортасында жалпы адамзаттық құндылықтарды тарату және экологиялық сананы дамытуға мақсатталған.

 

Мақсатқа жету арнайы бағдарлама бойынша құрастырылған сабақтар арқылы жұзеге асады:

 

карталық ойындар;

 

интербелсенді дәрісдер, дөңгелек үстелдер;

 

тәжірбиелер.

 

 

 

Алматы каласы білім баскармасының (08.11.2016ж №1-06/2442-и) хатына сәйкес, «Экологиялық клуб» жобасы аясында оқып, сертификат алу үшін 1-2-3 курста оқитын ерікті студенттерқатыстырылған. Ерікті студенттер жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларына сабақтан тыс уақытта (аптасына 1-2 сабақ) экология бойынша практикалық сабақ өтеді. Экоклуб 15 оқушыдан тұрады, барлығы 1500 оқушыларды қамтиды.


Экоклуб 4-негізгі бағыттарды оқытады:
- су ресурстары;
- қоқысты кәделеу ;
- биоәртүрлілік;
- экоіз.


«Экологиялық клубтар» жобасын жүзеге асыру мерзімі 01.10.2018 ж - 05.12.2018 ж аралығы.

 

Экопроекттің аймақтық қамтуы:
Алматы қаласының Медеу, Алмалы, Бостандық, Ауезов аудандарынан жалпы білім беретін 100 мектеп.
Педагогика және психология институты, Жаратылыстану және география институты, Филология және көптілді білім беру институтынан 240 ерікті студент.