қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
02.04.2021

«Жұмыс берушілер апталығы» өз жұмысын бастады

 


 

Бүгін, 2 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әр өңірдің өкілдерімен тікелей кездесу арқылы ынтымақтастықты нығайту және түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында «Жұмыс берушілер апталығы» өз жұмысын бастады. Бұл туралы аталған университеттің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

 

Такир Оспанұлының жазуынша, 2020/2021 оқу жылының түлектерін жұмыспен қамту процесі Алматы облысының білім басқармасы қызметкерлерімен кездесуден басталды. Іс-шараға университет ректоратының өкілдері, Алматы облысы Білім басқармасы басшысының м.а. Гүлсара Исағұлова, басқарма бастығының орынбасары Айжан Адамбекова, студенттер мен магистранттар қатысты. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты жаңарту, ғылыми-теориялық тәжірибемен өзара алмасу, педагогикалық практика, жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Жаңа жобаларды бірлесіп әзірлеу және оларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бағытта бірқатар тиімді іс-шаралар өткізіледі.

 

 

02.04.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com