қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.11.2018

Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі

ғылыми-практикалық конференция

 

2018 жылғы 7 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Конституциялық реформа жағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтары аясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 

Талқыланатын сұрақтар:

1.Процессуалдық келісімнің қылмыстық-құқықтық негіздері;

2.Келіссөз өндірісінің қылмыстық-процестік регламентінің мәселелері;

3.Процессуалдық келісімнің институттандыру мәселелері;

4.Қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдірудің перспективалары мен кінәні мойындау туралы мәмілені регламенттеу ерекшеліктері;

5.Қылмыстық процестік заңнамасын жетілдіру перспективалары мен ынтымақтық туралы процессуалдық келісімді регламенттеу ерекшеліктері;

6.Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істерді сотта қарау ерекшеліктері;

7.Процессуалдық келісім аясында сот төрелігі қағидасын сақтау;

8.Келіссөз өндірісінде прокурордың рөлі мен маңызы;

9.Процессуалдық келісім жағдайында құқықтық қатынастың субъектілері және олардың құқықтық мәртебесін регламенттеу;

10. Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәні;

11.Процессуалдық келісім жасалған қылмыстық істер бойынша қорғаушының орны мен рөлі;

12.Ынтымақтастық туралы процессуалдық келісімнің жедел іздестіру мен қамтамасыз ету мәселелері;

13.Қылмыстық қудалау органдарының медиативті келісімді, процессуалдық келісімді қолдануы тәжірибесі;

14.«Медиативті келісім», «жедел өндіріс» және «қысқартылған өндіріс» ұғымдардың арақатынасы;

15.Процессуалдық келісім институтын қолданудағы шетелдік тәжірибе және оны Қазақстанның қылмыстық-процестік заңнамаларын жетілдіру істерінде қолдану .

 

Қосымша ақпарат алу үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасына хабарласуға болады.

 

Конференцияға қатысу үшін алдын - ала тіркелу қажет.

 

Конференция материалдары жинағын құрастыру сұрақтары бойынша: заң ғылымдарының кандидаты, қауымд.профессор Несібелі Қалқаева, е-mail: nesibeli77@mail.ru , телефон: + 7 7014153016.

 

Конференцияға қатысты қосымша сұрақтар бойынша: заң ғылымдарының докторы, профессор Бахытжан Төлеубековаға хабарласа аласыз, телефон: + 7 700 9943774.

 

Тіркелудің соңғы мерзімі: 2018 жылдың 22 қараша, сағат 17:00 .

 

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.