қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
14.04.2021

Қазақ тілінде жарық көрген әлемнің озық оқулықтарының таныстырылымы

 

2021 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Ғылым айы - 2021» акциясының жоспары аясында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Еркебұлан Ержанов мен Ұлдана Арипжанова Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасымен аударылған «Қазақ тілінде жарық көрген әлемнің озық оқулықтарының ерекшіліктері» тақырыбында ғылыми вебинар өткізді.

 

Арипжанова Ұ.Қ. - мәдениеттану пәні бойынша жарық көрген, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған кітаптар жайында мәліметтер берді. Соның ішінде Барбара МакКиннон (Сан-Франциско университетінің профессоры) мен Эндрю Фиаланың (Калифорния мемлекеттік университетінің профессоры) «Этика, теориясы мен қазіргі мәселелері» кітабы, Юрий Лотманның «Семиосфера», Юрий Боревтің «Эстетика», Эдуард Уади Саидтың «Ориентализм» кітаптары таныстырылып, талқыланды. Ержанов Е.Д. - М. Хаммерсли мен П. Аткинсонның «Этнография: зерттеу принциптері» кітабын таныстырып, кеңінен талқыға түсті.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер өзара пікір алмасып, сұрақтар қойып, оқулықтардың таныстырылымына белсенді қатысты.