қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
14.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ Цюрихте өткен «Шексіз әдебиет» онлайн-семинарына қатысты

 

2021 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Ғылым айы аясында, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым департаментінің және Еуропа елдерінің педагогикалық технологияларын талдау зертханасының көмегімен Швейцариядағы Цюрих университетінде «Шексіз әдебиет» тақырыбында білім беру онлайн-эксперименті өтті.

 

Іс-шара барысында ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор, КазНАЕН академигі С.К. Сахиев Абай атындағы ҚазҰПУ мен Цюрих университетінің ғылым мен білім беру саласындағы бірлескен жұмысының перспективаларын атап өтті.

 

Спикер, филология ғылымдарының докторы, Цюрих университетінің славянтану бөлімінің ғылыми қызметкері О.Буренина-Петрова өзінің Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысатын гуманитарлық бағыттағы ХАОК туралы айтты.