қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.04.2021

«Бастауыш білім берудегі жаңа трендттер» әдістемелік вебинары


2021 жылдың 13 сәуірінде «Бастауыш білім беру бағдарламалары» бөлімінде «Бастауыш білім берудегі жаңа трендттер» тақырыбында әдістемелік вебинар өткізілді. Секция жетекшісі Г.И.Уайсова білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар туралы айта келіп, сол бағыттарға және қоғам сұранысына орай осы оқу жылында «Бастауыш білім АКТ-мен», «Бастауыш білім көптілділікпен», «Бастауыш білім бизнес инновациямен» деп аталатын жаңа мамандықтар ашылғанын атап өтті. Содан соң А.С.Тазабекова, Б.О.Жанкушков, Ш.Қалбергенова аталған мамандық студенттерімен жүргізілген сауалнама нәтижелерін таныстырды, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Вебинар соңында А.Т.Тұралбаева «Жаппай шеберлер дайындау» лабораториясын құру жөнінде өз ұсынысын дәлелді түрде айтып, оның негізгі бағыттарын көрсетті: «Өздігімен үйренуге үйрету», «Үйрету арқылы үйрену», «Өзгерістеремен күрес», «Кез келген сұраққа өнертапқыштық» т.б. Ұсыныс бойынша пікіралмасу болды, вебинар өте қызықты өтті, қатысушылар жақсы әсер алғандарын білдірді.

 

  

 

  

 

  

 



7

Вернутся назад