қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.04.2021

Қашықтан оқытудағы тиімді платформалар

 

Тарих және құқық институтының «Ғылым декадасы - 2021» аясында 2021 жылы 15 сәуірде академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ш.Нұрманның ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытуда қолданылатын онлайн платформалар» тақырыбында республикалық вебинары өтті.

 

Іс-шараның спикер-тренері Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы А.Н. Бейкитова қашықтан оқытуда қолданылатын цифрлық құралдар қатарында CoreApp, Padlet, Wooclap-тармен таныстырып, практикада қолдануды үйретті. Спикердің аталмыш онлайн платформалармен жұмыс жасауды түсінікті тілмен және анық айтып меңгертуі көпшіліктің қошеметіне ие болды.

 

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы, Алматы қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы, Іле ауданы мектептерінің ұстаздары және тағы да басқа жоғары оқу орындары мен мектептердің оқытушы-ұстаздары мен магистрант, студенттері қатысып, өзара пікір алмасты.

 

  

 

  



8

Вернутся назад