қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
19.04.2021

«Химия жұлдыздары» онлайн-интеллектуалды шоу

 

2021 жылдың 16 сәуірінде Жаратылыстану және география институтының ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен Ғылым айы аясында «Химия жұлдыздары» онлайн-интеллектуалды шоу өтті.

 

Ұйымдастырушылар - аға оқытушылар Динара Қасымбекова, Жанар Қорғанбаева және «Химия» білім бағдарламаларының 2 курс магистранттары.

 

Интеллектуалды шоудың мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізе білуге, жан-жақты ақпараттандыру дағдыларын дамытуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

 

Аталған іс-шараны «Химия» білім бағдарламаларының студенттері, магистранттары мен докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы тамашалады. Әділ қазылар алқасы - доцент Мелдебек Жақсыбаев, қауымдастырылған профессор Жазира Мұқатаева, Әсем Узакова болды. Интелектуалды шоудың жеңімпазы «Нағыз химиктер» командасы алғырлығымен, тапқырлығымен көзге түсіп, бас жүлдені жеңіп алды.