қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.11.2018

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  6D010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Бекболатова Құралай Маратқызының «Экодизайн технологиялары арқылы болашақ бейнелеу өнері мамандарының кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер:   

Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Ömer Zaimoğlu  - педагогика ғылымдарының докторы,  Ақдениз университетінің доценті,  Анталия қ., Түркия.

 

Рецензенттер: 

Мұсалімов Теміржан Құмхаметұлы - 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы және әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

Тәңірберген Медеубек Жұматайұлы - 13.00.02 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі (бейнелеу өнері) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры, Шымкент қ. Қазақстан Республикасы.

 

Жұмысты қорғау 2018 жылдың желтоқсан  айының 29 жұлдызында сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 6D010000 - «Білім беру (педагогикалық ғылымдар)» Диссертациялық кеңесінде өтеді.

 

Мекен жайы: 050010,  Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 31 (1-қабат, 7-кабинет).


Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба