қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
29.04.2021

Әлеуметтік өзгерістер - жарақат ретінде

 

2021 жылғы 28 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мәдениеттану» және «Философия» мамандықтары 1-2 курс студенттерінің арасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының құрметіне «Әлеуметтік өзгерістер - жарақат ретінде»тақырыбында онлайн режимінде іс-шара өткізілді.

 

Іс-шара барысында екі университет студенттері әлеуметтік өзгерістердің қоғамдық санаға әсері туралы өз пікірлерімен бөлісіп, бір-біріне сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

Іс-шараны ұйымдастырғандар - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Айтенова Альфия, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қуанышбайева Жазира.

 

   

 

   

 



6

Вернутся назад